ТҮРКІСТАН: Тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда

0
112

Әрбір басқарма басшыларының уәждері тыңдалды.


ТҮРКІСТАН: Тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда

Түркістан облысында басқармаларға жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы және алдағы жоспарлар сараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында басқармаларға жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы және алдағы жоспарлар сараланды. Әрбір басқарма басшыларының уәждері тыңдалды.


Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Мекенхан Қозыханұлы сөз алып, алдағы жұмыс жоспарын таныстырды. Оның мәлімдеуінше, 2026 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамсту картасы» аясында 74 516 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Аталған жоспар 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады.


Сонымен қатар Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев пен облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекованың есептері тыңдалды.


Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының айтуынша, 2023-2025 жылдары резидентураға жергілікті бюджет есебінен 251 грант бөлінген. Бұл медицина кадрларының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоспарлануда. Биыл бірқатар ірі медициналық нысандардың құрылысын аяқтап, 4 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға нақты тапсармалар берді.


– Мәдениет, спорт, қоғамдық даму және дін басқармаларында 3 жылдық жұмыс жоспары бекітілген. Енді осы бағыттағы жұмысты ширата түсу қажет. 2025 жылға орындалмаған жұмыс жоспарларын қайта қарап, 2026 жылы уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек. Бекітілген жоспардың орындалуын қадағалайтын боламын. Сондай-ақ білім, денсаулық, жұмыспен қамту басқармалары да 3 жылдық жұмыс жоспарын бекітуді жеделдетуі тиіс, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Бөлісу