ТҮРКІСТАН: Сырдария өзеніне 19 тоннадан астам препарат құйылды

0
135

Бұл жұмыстарға 8 арнайы техника, 6 қайық, 28 адам жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Сырдария өзеніне 19 тоннадан астам препарат құйылды

Сырдария өзені аумағына 19 тоннадан астам препарат құйылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралар үздіксіз жүргізілуде. Сырдария өзенінің бойына ғылыми сараптама қорытындысы негізінде зиянсыз, бірақ тиімді «Бактицид» биопрепаратының 19 440 литрі құйылды. Бұл – экожүйеге зиян келтірмей, шіркейдің дернәсіл сатысында жойылуын қамтамасыз ететін заманауи шешім. Биологиялық дәрілеу жұмыстарын жүргізу барысында жұмыстардың сапалы жүргізу туралы және техникалық қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқамалар берілді. Бұл жұмыстарға 8 арнайы техника, 6 қайық, 28 адам жұмылдырылған.


Сондай-ақ облыс аумағындағы барьерлік химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Әр бір елді мекен жеке қаралып, ерекшелігіне байланысты балама химиялық инсектицидті препараттар қолдануда. Бұл жұмыстарға 38 толық жетекті жеңіл автокөлік (бүрку жүйелерімен), 18 арқаға асылатын бүріккіш, 4 термоөңдеу және әуе дрондары жұмылдырылған. Көлік жетпейтін аймақтарға арнайы дрондар қолданылуда.


Дезинсекция жұмыстары Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Сауран, Отырар аудандарында күнделікті күшейтілген режимде жүргізілуде.


Аталған жұмыстар күнделікті күшейтілуде. Жұмыс барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.

Бөлісу