ТҮРКІСТАН: Сұйытылған газ нарығын тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр

0
83

Жағдайды бақылауға алыпсатарлықтың кез келген көріністерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары тартылды.


ТҮРКІСТАН: Сұйытылған газ нарығын тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр

Түркістан облысында сұйытылған газ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңірде сұйытылған газ жеткізіліміне байланысты қалыптасқан жағдайға орай, Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар нақты шараларды жүзеге асырды.


Аудандық әкімдіктер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өндіріс зауытымен газдың уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол тасымалдаушыларымен вагондарды дер кезінде жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізілуде.


Жағдайды бақылауға алыпсатарлықтың кез келген көріністерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары тартылды.


Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сұйытылған газ нарығындағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, Түркістан облысында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Бөлісу