ТҮРКІСТАН: Созақтағы тағы бір ауылға ауызсу берілді

0
80

198 абонент сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы тағы бір ауылға ауызсу берілді

Созақ ауданы Қаратау ауылында ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданы Қаратау ауылында ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары толық аяқталып, елді мекен тұрғындары сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.


Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов Қаратау ауылына арнайы барып, тұрғындарды инфрақұрылымдық нысанның іске қосылуымен құттықтады. Кездесу барысында ауыл халқы атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, ауыл қариялары ақ баталарын арнады.


Аталған жоба аясында жалпы ұзындығы 34,034 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, ауылдағы 1 373 тұрғын, 198 абонент сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Сонымен қатар әлеуметтік серіктестік аясында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Қаратау ауылында кәсіпорынның демеушілігімен 180 метр тереңдікте ұңғыма құдық қазылып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта ауылдың ауыз су қорын ұлғайту мақсатында қосымша жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталады.

Бөлісу