ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

0
93

Жаңа бекет жедел әрекет етуге қажет барлық жағдаймен жабдықталған: техникаға арналған бокс, кезекшілерге арналған бөлме, ас үй, душ және демалыс бөлмесі бар.


ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Созақ ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Созақ ауданының Жуантөбе ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды.


Салтанатты ашылу рәсімін Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов өткізді. Жоба «Идеал Тех Строй» ЖШС директоры, кәсіпкер Рустам Русланұлының қолдауымен жүзеге асты. Ол өңірдің өртке қарсы инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосты.


Министрдің айтуынша, мемлекет пен бизнес бірлесіп, әрбір азаматтың, тұрғылықты жеріне қарамастан, өзін қауіпсіз сезінуі және заманауи өрт сөндіру құралдарына қол жеткізуі үшін жұмыс істеуде. Жаңа бекет жедел әрекет етуге қажет барлық жағдаймен жабдықталған: техникаға арналған бокс, кезекшілерге арналған бөлме, ас үй, душ және демалыс бөлмесі бар. Бөлімше министрлік тарапынан автоцистернамен, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен, радиостанциялармен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді.


Салтанатты іс-шара соңында қатысушылар жасыл көшеттер отырғызды. Бекеттің ашылуы ауылдың 4,5 мыңнан астам тұрғынының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Бөлісу