ТҮРКІСТАН: Шекаралық аймақтардағы өзекті мәселелер талқыланды

0
87

Жиында мемлекеттік шекаралық аймақтардың өзекті мәселелері, соның ішінде трансшекаралық өзендер мен су жағалауларының қазіргі жағдайы талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Шекаралық аймақтардағы өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысында Шекара мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен Шекара мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің комиссия отырысы өтті. Кеңеске ҰҚК Шекара қызметі департаментінің басшысы, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалының өкілдері қатысты. Сондай-ақ аудан, қала әкімдіктері селекторлық режимде қосылды.


Жиында мемлекеттік шекаралық аймақтардың өзекті мәселелері, соның ішінде трансшекаралық өзендер мен су жағалауларының қазіргі жағдайы талқыланды.


Мәжіліс барысында трансшекаралық өзен, су жағалауларының жағдайы туралы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің бастығы ұлттық қауіпсіздік полковнигі Мұхтар Даулетов баяндама жасады. Сонымен қатар Мақтаарал, Жетісай аудандарының әкімдері осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.


Жиын қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасары мемлекеттік шекара маңындағы су жағалауларын тазалау бойынша аудан әкімдіктері мен «Қазсушар» РМК мекемесіне бірлесіп жұмыстар атқаруды тапсырды. Сонымен қатар шекара аумағында мал ұрлығын болдырмау мақсатында алдын алу шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

Бөлісу