ТҮРКІСТАН: Шардарада 6 отбасы баспанамен қамтылды

0
60

Бір қабатты, екі пәтерлі тұрғын үйлер берілді.


ТҮРКІСТАН: Шардарада 6 отбасы баспанамен қамтылды

Жаңа жыл қарсаңында Шардарада 6 отбасы баспанамен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шардара қаласындағы Жантөре Қолдасов көшесінің бойында бой көтерген бір қабатты, екі пәтерлі тұрғын үйлердің кілттері әлеуметтік осал топқа жататын 6 отбасына салтанатты түрде табысталды.


Қазақстан Республикасы Үкіметі 2022 жылғы 23 қыркүйегінде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Осы тұжырымдама негізінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Шардара ауданында жүйелі түрде жұмыстар жүзеге асырылып келеді.


Салтанатты шараға Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.


- Бұл – ауданымыздағы әлеуметтік қолдау, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүйелі жүзеге асып жатқанын айғақтайтын маңызды кезең. Ең алдымен, жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын! Жаңа баспаналарыңыз құтты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа, берекеге толсын! Сонымен қатар осы үйлердің салынуына үлес қосқан кәсіпкер азаматтарға алғыс айтқым келеді. Сапалы жұмыс, жауапкершілік пен адал еңбектің нәтижесінде бүгінгі қуанышқа қол жеткізіп отырмыз. Еңбектеріңіз жана берсін! Жаңа қоныс – жаңа үміт, жаңа бастама. Баршаңызға амандық, әр шаңыраққа ынтымақ пен ырыс тілеймін! – деді Арман Романұлы.


Жиын соңында жаңа қоныс иелеріне тұрғын үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталып, іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды.

Бөлісу