ТҮРКІСТАН: Шардара оқушылары әлемдік олимпиаданың жүлдегері атанды

0
70

28 мемлекеттен 2 мыңнан астам жас талант бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Шардара оқушылары әлемдік олимпиаданың жүлдегері атанды

Шардара ауданының жас робототехниктері олимпиада жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Италияның Рим қаласында өткен Fibonacci International Robot Olympiad әлемдік финалында 28 мемлекеттен 2 мыңнан астам жас талант бақ сынады. Ауқымды халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысы Шардара ауданы жас робототехниктерінің ерекше табысы еліміздің абыройын арттырды.


Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Ережеп Уәлихан жетекшісі Исакова Раушан Рысбаевнамен бірге “Avtonomy Car” категориясында II орын, ал информатика пәнінің мұғалімі Саудабаева Маржан Аманкелдіқызы дайындаған команда “3 kg Sumo” категориясында III орын иеленді.


Бұл жетістік – үздіксіз дайындықтың, жүйелі еңбектің және оқушы мен ұстаздың үйлесімді ынтымағының нәтижесі. Сонымен бірге, аймақтың білім беру жүйесінде робототехника мен инженерлік бағытты дамыту жұмыстарының тиімді іске асып жатқанын дәлелдейді.

Бөлісу