ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында инфрақұрылым сапасы көтеріліп келеді

0
383

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында инфрақұрылым сапасы көтеріліп келеді


ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында инфрақұрылым сапасы көтеріліп келеді

Сауран ауданындағы 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, қамту көрсеткіші43,3 пайызды құрапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында елді мекендердегі электр жарығының сапасын көтеру үшін 53 трансформатор орнатылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында биыл 102 электр бағанасы ауыстырылып, 17 шақырым электр желісіне қайта құру жұмыстары жүргізілген және 4 елді мекенге жаңа трансформатор орнатылған. Биыл аудандағы 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, қамту көрсеткіші 43,3 пайызды құрапты. Оранғай, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салу үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жалпы, ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 22 млрд. теңні құрайтын 12 жоба әзірленген. «Таза Қазақстан»республикалық эко-акциясы аясында аудан бойынша 156 ауқымды іс-шара өткізіліп, науқанға 19 мыңға жуық адам атсалысқан. Нәтижесінде 58 мың түп көшет пен 12 мың түптен астам гүл егілген, 54 аялдама мен 470 үйдің қоршауы ретке келтірілген және 7,5 шақырымды құрайтын ирригация жүйесі тазаланып, 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Полиция тарапынан 682 хаттама толтырылып, тәртіп бұзғандарға 6 млн. 339 мың теңге айыппұл салынған. Бұл жайында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров айтты.


«Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31 ішкі көшеде және облыстық бюджет есебінен 2 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар аяқталған соң аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы 20 пайызға жақсарып, жалпы көрсеткіш 88 пайызға жетпек. Аудан бойынша 10 шақырым топырақ жолдарға тас төселген, 56 көпірдің 12-сі жөнделіп жатыр. Ауданда 102,7 мың адам тұрады. Оның 39,9 мыңы жұмысқа жарамды және 37,9 мыңы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 3,1 пайызды құрап отыр. 9 айда 405 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Көмек алған отбасыларда өмір сүретін 795 балаға 26,2 млн. теңге көлемінде қосымша көмек көрсетілді. Көмек алушылар қатарындағы еңбекке қабілетті 724 адам жұмыспен қамтылды. Аудандағы 61 мектепте 25 643 оқушы және 57 балабақшада 6 323 бала білім алуда. 9 252 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Қауіпсіздік сақтау мақсатында барлық мектеп пен балабақша бейнебақылау жүйесі және ішкі әжетханамен қамтамасыз етілген. 25 мектептегі камералар жедел басқару орталығына қосылған. 18 мектепте мамандандырылған күзет жұмыс істеп жатыр. Ауданда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Абай елді мекенінде 300 орынды мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, 300 орынды «Оқушылар сарайы» құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Аудан бойынша 1 аудандық емхана, 5 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік емхана, 13 фельдшерлік–акушерлік бекет, 3 медициналық бекет және 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп келеді. Аудан орталығынан 500 келушіге арналған емхана салу үшін жобалық-сметалық құжаттар рәсімделуде және Шаға, Құшата, Жалаңтөс ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы басталған. Ауданда 4 мәдениет үйі, 11 клуб, 29 кітапхана мен бір спорт кешені бар. 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығында спорт кешенінің және Бабайқорған ауылында 150 орынды клуб пен кітапхана құрылысы басталды. Келер жылы Шорнақ елді мекенінде 500 орынды мәдениет сарайының құрылысы басталады. Бұдан бөлек «Орталық футбол стадионы» құрылысына жобалық сметалық құжаттар дайындалуда», - деді баспасөз жиынын түйіндеген аудан әкімі.

Бөлісу