ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы екі ауылда спорт алаңы ашылды

0
86

Бұл нысандарда жақын маңда тұратын балалар мен жастар футбол, волейбол және өзге де спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы екі ауылда спорт алаңы ашылды

Сарыағаш ауданында игілікті жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және балалар мен жастар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында игілікті жобалар жүзеге асырылуда. Соның аясында Құркелес және Жарты төбе ауылдық округтерінде заманауи спорт алаңшалары пайдалануға берілді.


Ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары Ержан Бекназаров, Қайрат Пердіқұлов, Руслан Насиров, ауыл әкімдері мен жергілікті тұрғындар да қатысты.


– Бұл мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын ойлаған салиқалы саясатының нақты көрінісі. Спортты сүйетін жас ұрпақ – дені сау, болашағы жарқын қоғамның негізі. Бүгін пайдалануға берілген алаңша жастардың дамуына, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік береді. Осындай спорт нысандарынан болашақ чемпиондар өсіп шығады деп сенеміз, – деді аудан әкімі өз сөзінде.


Айта кетсек, Құркелес ауылдық округіне қарасты Құлтума елді мекеніндегі кіші футбол және workout алаңшасының құрылысына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер “Саят & Әділет” ЖШС-і жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда құрылыс толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.


Жарты төбе ауылдық округінің Достық-2 елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылысы «Энерго ВЭС» ЖШС-і тарапынан жүргізілді. Жоба аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Жаңадан пайдалануға берілген спорт алаңшаларында кіші футбол және workout (жаттығу) алаңшалары қарастырылған. Бұл нысандарда жақын маңда тұратын балалар мен жастар футбол, волейбол және өзге де спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алады.

Бөлісу