Амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.
Сарыағаштағы Шайхана елді мекенінде медициналық тірек ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Түркістан облысындағы шалғай елді мекендерде әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Сарыағаш ауданындағы Жылға ауылдық округіне қарасты шалғайда орналасқан Шайхана елді мекеніндегі жаңа медициналық тірек ашылды.
Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев, депутатарттар мен ауыл тұрғындары қатасты. Аудан әкімі көпшілікті медициналық нысанның ашылуымен құттықтап, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Шайхана елді мекеніндегі әлеуметтік нысанның құрылысы жеке инвестиция есебінен жүргізілді. Нысанның құрылыс жұмыстарын «ВВ-Manap Құрылыс» ЖШС атқарды. Амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Енді дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы медициналық тірекке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша қажетті ем шараларын қабылдай алады.


