ТҮРКІСТАН: Сарыағашта заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді

0
108

Құркелес елді мекенінде салынған жаңа спорт алаңы аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Сарыағаш ауданында заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тағы бір әлеуметтік нысан іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және жастарға арналған спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құркелес ауылдық округінде заманауи спорт алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді.


Нысанның ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан депутаттары, ауыл әкімі және жергілікті тұрғындар қатысты.


Аудан әкімі көпшілікті мерекемен құттықтап, жаңа нысан ауыл тұрғындары үшін қызмет ететінін жеткізді.


– Бұл – мемлекетіміздің жас ұрпақты қолдауға, олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатының жарқын мысалы. Спорт алаңшасы балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортқа қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді. Біз осы алаңдардан болашақ чемпиондардың шығатынына сенімдіміз, – деді Арман Абдуллаев.


Құркелес елді мекенінде салынған жаңа спорт алаңы аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды. Аталған нысанда кіші футболға арналған арнайы алаңша, workout аймағы, сондай-ақ ойын алаңшасы орнатылған. Жобаның құрылысын «Сәулет 2012» ЖШС жүргізді.

Бөлісу