ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ҰҚК қызметінің ғимараты ашылды

0
72

Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ҰҚК қызметінің ғимараты ашылды

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш аудандық басқармасының ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш аудандық басқармасының ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев қатысып, мекеме қызметкерлерін құттықтады.


Облыс әкімі мен жиынға қатысушылар басқарманың ғимаратымен танысып, қауіпсіздік өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу