ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кіші футбол және «workout» алаңшасы пайдалануға берілді

0
72

Құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кіші футбол және «workout» алаңшасы пайдалануға берілді

Сарыағашта кіші футбол және «workout» алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жыл басынан бері бірқатар спорт және балалар ойын алаңшалары бой көтеріп, Президент бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.


Саырағаш ауданына қарасты Қарабау елді мекенінде кіші футбол және «workout» алаңшасының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.


Нысандардың ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, көпшілікті жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.


Аталған спорт алаңшасының құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстарын «Дара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Нысан кіші футбол ойнауға арналған алаңмен қатар, «workout» жаттығуларына арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.


Жаңа спорт алаңшасы ауыл балалары мен жастарының дене шынықтырумен тұрақты айналысуына, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, бұқаралық спорттың дамуына оң ықпалын тигізеді.

Бөлісу