Турнир – жас ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеріп, спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды дода.
ERNUR.KZ. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінде “Ауыл” партиясының Түркістан облыстық өңірлік филиалы мен “Мұрагер” бейбітшілік шартты әскери күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында “Жас сарбаз-тәуелсіз ел тірегі” тақырыбында алғашқы әскери дайындық бойынша мектептер арасындағы турнир бастау алды.
Іс-шараның ашылу салтанатына өңірлік филиалдың төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы қатысып, жасөспірімдерге сәттілік тілеп, патриоттық тәрбиенің маңыздылығын атап өтті.
Турнир – жас ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеріп, спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды дода.


