ТҮРКІСТАН: Президент Жолдауы аясында нақты шаралар қабылданып жатыр

0
69

Бұл Жолдау – үлкен жауапкершілік пен жаңа міндеттер жүктейді.


ТҮРКІСТАН: Президент Жолдауы аясында нақты шаралар қабылданып жатыр

Түркістан облысында Президент Жолдауы аясында нақты шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларын басым бағыт ретінде атап өтті.Бұл Жолдау – үлкен жауапкершілік пен жаңа міндеттер жүктейді. Түркістан облысы әкімдігі Президент бастамасындағы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылдап жатыр.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен актив отырысында Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру жайы талқыланып, ІТ платформаларын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берілген болатын.


Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында білім, денсаулық және әлеуметтік салаларында Жолдаудағы аталған бағыттарда іске асырылатын жобалар мен алдағы жоспарлар нықтыланды.


Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.


– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында іс-шара жоспарын бекіту қажет. Жоспарда тиімді іс-шаралар қамтылғаны жөн.Бекітілген жоспарының тұрақты орындалын қамтамасыз етіңіздер. Салаларда цифрлық форматты жүйелеп, жұмысты жандару қажет. Платформалардың жұмысын жетілдіріп, тиісті мамандарды бекітіңіздер. Қажет болған жағдайда біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіңіздер, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.


Өңірде білім саласында цифрлық трансформацияны жеделдету, жасанды интеллект саласына бағытталған құзыреттерді ерте жастан қалыптастыру және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, информатика, робототехника және «STEM» бағытындағы кабинеттерді жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және цифрлық білім беру платформаларына көшу, оқу процесін автоматтандыру және оқушы жетістігін цифрлық форматта бақылау қолға алынған. Жасанды интеллект пен IT негіздерін меңгеруге бағытталған пилоттық жобалар дайындалып жатыр. Сонымен қатар мұғалімдерді заманауи технологиялармен жұмыс істеуге даярлау курстары жүйелі түрде өткізіліп келеді.


2025–2026 оқу жылындаТүркістан облысы педагогтерін «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалында мектепке дейінгі жастағы балалардың және оқушылардың әлеуетін ашуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану, біліктілікті арттыру курстарын оқыту жоспарлануда. Одан бөлек, облыстағы шағын жинақты мектептерде «Qazaq Digital Mektebi» платформасын ендіру, цифрлық ресурстарды енгізу бағытында жұмыстар жүргізілмек.


Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу басталды. «Жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру» жобасы аясында жасанды интелектті және «PACS» жүйесін облыс аумағындағы медициналық ұйымдарға енгізу бағытында жұмыстар атқарылуда. PACS жүйелері диагностикалық жабдықтармен біріктіріліп, деректерді автоматты түрде алуға және өңдеуге, сондай-ақ оларды медициналық ақпараттық жүйелер сияқты басқа жүйелерге жіберуге мүмкіндік береді.


Түркістан облысында әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған «FSM Social» цифрлық жүйесі арқылы мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету процестері жедел, әділ және сапалы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар нақты мұқтаж азаматтарды айқындау мақсатында «Скоринг» жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.Бұл жүйе «жалған кедейлік» құбылысын азайтуға, бірінші кезекте шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге, сонымен қатар қоғамда әлеуметтік әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешім болмақ.


Сонымен қатар мәжілісте салаларға қатысты жеке инвестициялық жобаларға қолдау көрсету жайы талқыланды. Жобаларға анализ жасау, өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру бойынша тапсырма берілді. Сала басшылары жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

Бөлісу