ТҮРКІСТАН: Пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақат алды

0
82

Медициналық мекемеге жеткізілді.


ТҮРКІСТАН: Пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақат алды

Түркістан облысында пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақат алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіздік талаптарын сақтамай қолдану салдарынан екі жасөспірім жарақат алды.


Жасөспірімдер пиротехникалық бұйымды ересектердің бақылауынсыз пайдаланған. Нәтижесінде олар әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.


Осыған байланысты Түркістан облысыының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, әсіресе ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Пиротехникалық бұйымдар — ойыншық емес, оларды пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.


Еске саламыз:

пиротехниканы кәмелетке толмағандардың пайдалануына қатаң тыйым салынады;

пиротехникалық бұйымдарды тек ересектердің бақылауымен және ашық, қауіпсіз аумақта қолдану қажет;

қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқу міндетті;

үй жағдайында немесе адамдар көп жиналған жерде пайдалануға болмайды.


Төтенше жағдайлар департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қауіпсіздік — әрбір азаматтың жауапкершілігі.

Бөлісу