ТҮРКІСТАН: Орман шаруашылықтарының жұмысы тексерілді

0
62

Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Орман шаруашылықтарының жұмысы тексерілді

Түркістан облысцнда орман шаруашылықтарының жұмысы тексерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында тұқымбақтың көлемін ұлғайту, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Тулепов Ордабасы, Созақ, Отырар аудандарындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне, сондай-ақ Бәйдібек ауданындағы «Сырдария – Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне барды.


Сапар барысында тұқымбақ шаруашылығымен және онда өндіріліп жатқан көшет түрлерімен танысты. Сонымен қатар көшеттердің сапасына бақылау жүргізіліп, 2026 жылғы көктемгі ағаш отырғызу науқанына дайындық мәселелері пысықталды. Аталған мекемелердегі техникалардың жарамдылығы да тексерілді.


Одан бөлек 2026 жылға арналған жұмыс және өндірістік жоспарлар қаралып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Жалпы облыста жыл сайын жасыл белдеуі мен орман қоры аумақтары ұлғайып келеді. Алдағы уақытта да облыстағы тұқымбақтардың аумағын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.

Бөлісу