ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жаңа спорт алаңшасы ашылды

0
88

Құрылыс жұмыстары 2025–2026 жылдарға жоспарланған мерзімде іске асырылды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жаңа спорт алаңшасы ашылды

Ордабасы ауданында жабық қаңқалы спорт нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы, Ынталы ауылында жабық қаңқалы спорт нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Райымбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары, спорт ардагерлері қатысты.


Салтанатты жиында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, аталған нысанның ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті.


Айта кетейік, биыл ауданда Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорттық кешен пайдалануға беріліп, Темірлан елді мекеніндегі жабық қаңқалы брезентті спорт алаңшасы мен аллея тұрғындардың демалыс және спорт аймағына айналған.


Жаңа спорт алаңшасының құрылысы «Арыс Инвест Строй» ЖШС мердігерлігімен жүргізілген. Техникалық қадағалауды «Гранд Пром Сервис» ЖШС, авторлық қадағалауды «Ecosintez» ЖШС жүзеге асырған. Жобаның жалпы құны 88 480 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2025–2026 жылдарға жоспарланған мерзімде іске асырылды.

Бөлісу