Түркістан өңірінде егінге орақ түсті

0
77

Алтын дәнді дер кезінде қамбаға жеткізуге күш салып жатыр.


Түркістан өңірінде егінге орақ түсті

Түркістан облысында егінге егінге орақ түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында жазғы егін ору науқаны басталды. Егістік алқаптарында тынымсыз еңбек етіп жатқан аудан диқандары жайдары жаздың әрбір күнін тиімді пайдаланып, алтын дәнді дер кезінде қамбаға жеткізуге күш салып жатыр.


Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза елді мекеніне барып, астық ору науқанының барысымен танысты. Ауыл еңбеккерлерімен кездесіп, олардың жағдайын біліп, егін жинау жұмыстарын аралады.


Сапар аясында әкім «ТННК» ЖШС-ның егістік алқабында болды. Аудан басшысы астық жинау жұмыстарына қатысып жатқан диқаншыға алғысын білдіріп, жемісті еңбек тіледі. Серіктестік төрағасы Нұржан Ордабаевтың айтуынша, биыл 422 гектар жерге бидай егіліп, әр гектардан 15 центнерден өнім алынған. Бұл — ауа райының қолайсыздығына қарамастан, диқан еңбегінің нәтижелі болғанының айғағы.

Бөлісу