Түркістан облысының әкімі «Түркістан БГҚ» төрағасымен кездесті

0
93

Өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту арқылы облыс экономикасына қуатты серпін береді деп күтіліп отыр.


Түркістан облысының әкімі «Түркістан БГҚ» төрағасымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан БГҚ» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесуде Сайрам ауданында қуаттылығы 1000 МВт болатын бу-газ электр станциясын салу стратегиялық инвестициялық жобасының іске асырылу барысы талқыланды.


Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Түркістан облысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін аталған жобаныңмаңыздылығын атап өтіп, станция құрылысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқанын және облыс басшылығының тұрақты бақылауында екенін жеткізді.


«Түркістан БГҚ» компаниясының Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовжобаның 2025 жылғы іске асырылу қорытындылары туралы хабардар етіп, негізгі технологиялық кезең – күштік жабдықтарды монтаждауға көшкенін хабарлады. Атап айтқанда, жыл соңына қарай станцияның негізгі корпусындағы уақытша тіректердің екі газ турбинасы мен генераторлары сәтті орнатылды. Жобалау, логистика және жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстардың барлық кешенін «Doosan Enerbility»және «Integra Construction KZ» ЖШС компанияларынан құралған халықаралық консорциум жүзеге асыруда.


Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі құрылысты сапалы әрі уақтылы аяқтау қажеттігіне назар аударды және жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді. Осы ауқымды жобаны іске асыру оңтүстік өңірінің энергия қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашу және өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту арқылы облыс экономикасына қуатты серпін береді деп күтіліп отыр.

Бөлісу