Түркістан облысындағы егістіктер ағын сумен қамтылып жатыр

0
118

Қазіргі таңда вегетацияға 30 м3/сек ағын су босатылуда.


Түркістан облысындағы егістіктер ағын сумен қамтылып жатыр

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылуы бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.


Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың мәлімдеуінше, егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес жеткізіліп, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде басталды. Облысымызға тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Үкімет аралық бекітілген лимиттің көлемі — 1,1 млрд.м3. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал аудандары ағын сумен қамтамасыз етіледі. Суармалы жер көлемі 140 мың.гектар. Қазіргі таңда вегетацияға 30 м3/сек ағын су босатылуда.


«Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» магистралды каналдары арқылы ағын сумен Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда вегетацияға 40 м3/сек ағын су босатылуда. Суармалы жер көлемі — 67,8 мың гектар.


«Қазсушар» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мекеме тарапынан атқарылған жұмыстар мен жоспарларды баяндады.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев күрделі жөндеу жоспарланған су арналарына тоқталып, қаржыландыруға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттардың жайын қозғады.


Аудан әкімдерінің орынбасарларына су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша бекітілген межені орындау ескертілді.


– Шаруалар ағын суға тең қол жеткізуі тиіс. Су тапшылығы орын алмау үшін барлық ықтималдар мен тәуекелдер сараланып, өзектілігіне қарай ұсыныстар әзірлеңіздер, – деді облыс әкімінің орынбасары.


Мәжіліс қорытындысымен бірқатар тапсырмалар нақтыланып, жауаптылар бекітілді.

Бөлісу