Түркістан облысында мәдени-зияткерлік жобалар жанданады

0
75

Кездесу соңында өзара ынтымақтастықты нығайту және нақты жобаларды жүзеге асыру бағытында келісімдерге қол жеткізілді.


Түркістан облысында мәдени-зияткерлік жобалар жанданады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан КВН одағының президенті Есентүгел Елеукенмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесуде облыста жайдарман ойындарын дамыту, жастар саясатын ілгерілету және шығармашыл жастарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар КВН қозғалысының жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.


Сонымен қатар алдағы уақытта облыс көлемінде ұйымдастырылатын мәдени-танымдық іс-шаралар мен республикалық деңгейдегі ойындарды өткізу мәселелері сөз болды.


Кездесу соңында өзара ынтымақтастықты нығайту және нақты жобаларды жүзеге асыру бағытында келісімдерге қол жеткізілді.

Бөлісу