Былтыр облыстан 5 мыңнан астам жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын.
Түркістан облысында 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны 2026 жылдың 1 наурызынан басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Түркістан облысынан 3 мыңнан астам әскерге шақырылушымен Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдарды толықтыру жоспарлануда.
2025 жылы көктемгі және күзгі шақыру жоспарлы түрде өтті. Былтыр облыстан 5 мыңнан астам жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын.
Қазіргі уақытта қалалық және аудандық жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде әскерде қызмет етуде жастардың саны артып келеді. Кейбір азаматтар Отанын қорғауға деген жеке ұмтылысын басшылыққа алса, басқалары әскери қызметшілер мен қызмет өткергендердің артықшылықтарын негізге алуда. Куәлік оқу орталықтарында әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлықтан кейін мемлекеттік үлгідегі куәліктер беріледі.
Әскерге шақыру рәсімі халық үшін барынша ашық әрі ыңғайлы форматта ұйымдастырылған. Шақырылушыларға жеке шақырулар және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарламалар жолданады. Сонымен қатар Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің электронды поштасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы азаматтар қажетті ақпаратты жылдам әрі ашық ала алады. Мұндай шаралар халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.


