Түркістан облысында 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

0
80

Жалпы өткен жылы тұрғын үй құрылысына 201 млрд 829 млн теңге инвестиция салынған.


Түркістан облысында 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Түркістан облысында 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 1 млн 235,9 мың шаршы метрге жеткен. 2024 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 6,6%-ға артып отыр. Жалпы өткен жылы тұрғын үй құрылысына 201 млрд 829 млн теңге инвестиция салынған. Бұл жайында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов брифингте мәлімдеді.


«Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша республика көлемінде көш басында. 2025 жылы өңірде 43 327 сәби туған. Оның 22 247-сі ұл, 21 080-і қыз бала. Жалпы облыс халқының саны 2 148 168 адамға жеткен. Соның ішінде, қала халқы - 545 012 адам, ауыл тұрғындарының саны - 1 603 156 адам. Былтыр өңірде 10 112 неке тіркелген. Облысқа қоныс аударушылар саны өскен. Мәселен, өткен жылы еліміздің басқа облыстарынан 62 885 азамат қоныс аударса, 410 азамат ынтымақтастық елдерінен, 6 адам алыс шет елдерден Түркістан облысына көшіп келген» - деді спикер.


Былтыр өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 трлн 745 млрд 585 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21,6%-ға артқандығын көрсетеді. Салынған инвестициялар өнеркәсіп саласына - 722 млрд 929 млн теңге (41,4%); ауыл, орман және балық шаруашылығына - 195 млрд 953 млн теңге (11,2%); жылжымайтын мүлік саласына - 283 млрд 135 млн теңге.

Бөлісу