Жобаның қуаттылығы 1 575 000 түп көшет өндіруге қауқарлы.
Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде орналасқан жаңа әуежай тасжолының бойында жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын заманауи тұқымбақ салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Осы бағытта Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде орналасқан жаңа әуежай тасжолының бойында жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын заманауи тұқымбақ салынуда. Жасыл белдеуде тұқымбақты құру жобасына тапсырыс беруші облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» КММ, мердігер мекеме «Нинес» ЖШС.
Құрылыс барысымен танысу мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұқымбақты арнайы аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Облыс аумағын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын тиімді іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
Заманауи орман тұқымбағының мақсаты – қала, аудан орталықтары мен елді мекендерді, сондай-ақ Түркістан қаласының айналасында құрылған жасыл белдеуді әртүрлі қылқан жапырақты, сәндік ағаш бұта көшеттерімен қамтамасыз ету.
Заманауи тұқымбақ жобасы 6 жылыжай, бассейн, көлеңкелеу және тамшылатып суғару жүйесі, жылыту қазандығы, орманшылар үйі, ұңғыма, бастырма, жертөледен тұрады. Қазіргі таңда газ, су, электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілген. Жобаның қуаттылығы 1 575 000 түп көшет өндіруге қауқарлы. Нысанның іске қосылу нәтижесінде 20-дан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар алдағы уақытта да облыстағы тұқымбақтардың аумағын кеңейту жоспарлануда. Аталған жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Айта кетсек, 2026-2028 жылдар аралығында осы заманауи орман тұқымбағынан 1040,0 млн түп әртүрлі сәндік жапырақты және бұта тектес ағаш көшетін өсіру көзделіп отыр.


