Түркістан облысы әкімінің орынбасары азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады

0
87

Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдау кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады.


Қабылдауға келген тұрғындар жерді заңдастыру, құжаттандыру және несие төлеміне қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.


Мақтааралдан онлайн байланыс арқылы қосылған азамат иелігіндегі жердің кадастр базасынан көрінбейтініне шағымданып, көмек сұрады. Шалғайдан байланысқа шыққан келесі азаматшаның да сұрағы үйіргелік жерге байланысты қойылды.


Кентаулық қария бау-бақшалық жер телімін заңдастыруға ықпал етуді өтінді, ал, түркістандық тұрғын Ауыл шаруашылығы кредиттік корпорациясы несие қарызын өтеу бойынша жүктемені қайта қарау жөнінде өтінішін жеткізді.


Жерді заңдастыру жайы түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді.


Нұрбол Тұрашбеков сот тәртібімен шешілетін мәселелер тізбесіне тоқталды. Сондай-ақ, құжаттандыру үдерісінде жергілікті атқарушы орган тарапынан заң аясында әр азаматқа қолдау көрсетілетінін жеткізді.


Азаматтарды қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Бөлісу