ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды кезекті рет қабылдады

0
61

Азаматтардың мәселесін жіті тыңдаған облыс әкімінің орынбасары қысқа мерзімде шешуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды кезекті рет қабылдады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті ретжеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға жауапты сала басшылары мен тиісті мекеменің өкілдері қатысып,түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға келген азаматтар шығармашылық кеш өткізу,тұрғын үй алу, «Қазыбек би оқулары» байқауларын жоғары деңгейде ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар өткізуге қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ көкпар ойынына қатыстыөзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында өткізілетін спорттық жарыстарға қатысуға қолдау білдіружәне олардың бос уақытынтиімді ұйымдастыру мақсатындаарнайы орталық ашу бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Азаматтардың мәселесін жіті тыңдаған облыс әкімінің орынбасарыЕртай Кенжебекұлы жауаптыларға заң аясында жан-жақты зерделеп, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Айта кетсек, облыс әкімі мен оның орынбасарларының өңір тұрғындарын жеке қабылдауы тұрақты түрде кестеге сәкес жүргізіліп келеді. Азаматтардың көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Бөлісу