ТҮРКІСТАН: Қоғамдық-саяси ахуалға қатысты мәселелер талқыланды

0
110

Бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық-саяси ахуалға қатысты мәселелер талқыланды

Түркістан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырыс өтті. Жиын барысында өңірдегі бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.


Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерге тоқталса, Облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.


Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстарды жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдіктеріне құзырлы органдармен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздік шараларын жүйелі жүргізу керектігін ескертті.

Бөлісу