Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі тиістігі баса айтылды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиынға облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қосылды.
Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі тиістігі баса айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары аталған мәселелердің барлығын қарап шығып, жауапты басқармалар менқұзырлы мекеме басшыларына, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің орынбасарларына құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.


