ТҮРКІСТАН: «Келешек мектебі» 19 үздік түлекті конкурссыз жұмысқа қабылдады

0
90

Басты талаптардың бірі GPA көрсеткіші 3,33 балдан төмен болмауы және сертификаттаудан сәтті өтуі қажет.


ТҮРКІСТАН: «Келешек мектебі» 19 үздік түлекті конкурссыз жұмысқа қабылдады

Түркістан облысында үздік жас мамандарды конкурссыз жұмысқа қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнын үздік бітірген жас мамандарды конкурссыз жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды. Басты талаптардың бірі GPA көрсеткіші 3,33 балдан төмен болмауы және сертификаттаудан сәтті өтуі қажет.


Түлектерге алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп қолдау білдірді. Өңірдегі «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында ашылған алғашқы білім ошағы 2025–2026 оқу жылында 19 жас маманды жұмысқа қабылдап үлгерді.


Жұмысқа конкурссыз қабылданғандардың басым бөлігі ағылшын тілі және математика пәнінің мамандары. Сондай-ақ, олардың қатарында бастауыш, химия, биология және орыс тілі пәнінен білім алған түлектер де бар.


«Жаңа талаптарға сай келген жас мамандар бүгінде өз қызметтеріне кірісті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен қабылданған кешенді шаралардың арқасында жастардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығы артып келеді. Жоғары оқу орнын жақсы немесе үздік дипломмен бітірген жас мамандарды жұмысқа қабылдаудағы басты мақсат – білім беру ұйымының педагогикалық кадрлық әлеуетін арттыру, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және заманауи талаптарға сай кәсіби білікті, жаңашыл ойлайтын мамандармен оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру деп ойлаймын. Жас мамандардың білім сапасы жоғары, жаңа әдістемелерді меңгерген, цифрлық сауаттылығы қалыптасқан. Олар мектептің жаңаша дамуына серпін беріп, оқушылардың білім сапасын көтеруге, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді деген сенімдеміз», – деді мектеп директоры.


Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарына мыңнан аса жас маман жұмысқа қабылданған.

Бөлісу