ТҮРКІСТАН: Келес ауданында жол сапасы жақсарып жатыр

0
101

Былтыр 21 жол нысанын жөндеу жоспарланып, жүзеге асырылуда.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында жол сапасы жақсарып жатыр

Келес ауданында жол сапасы 21 пайыздан 65 пайызға өсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында елді мекендерді абаттандыру және жол жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. 2018 жылы қайта құрылған Келес ауданында елді мекендердегі ішкі жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі небәрі 21 пайызды құраған еді. Ауданда жол сапасын арттыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы аудан аумағында 23 жол нысаны жөнделді. 2020 жылы 16 жол «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы, 16 жол жергілікті бюджет есебінен жаңартылды. 2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 жол, ал жергілікті бюджет есебінен 6 жол жөндеуден өтті. 2022 жылы бағдарлама шеңберінде 7 жол нысаны іске асырылды. 2023 жылы 9 жол, 2024 жылы 15 жол жөнделді. Былтыр 21 жол нысанын жөндеу жоспарланып, жүзеге асырылуда.


Жалпы 2019–2025 жылдар аралығында Келес ауданында 115 көше мен жол нысаны жөндеуден өтті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан ішіндегі жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 21 пайыздан 65 пайызға дейін артты. Бұл тұрғындар үшін қатынасты жеңілдетіп, елді мекендер арасындағы байланысты жақсарта түсті.

Бөлісу