ТҮРКІСТАН: Ибата ауылында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

0
48

Ибата, Шоқтас және Ойық ауылдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Ибата ауылында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

Түркістан облысы Ибата ауылында 128-ші ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Чайзада,Сауран ауданы әкімдігінің өкілдері және ауыл тұрғындары мен жергілікті бизнес өкілдері қатысты.


«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жаңа пункт 10 000-ға жуық тұрғыны бар Ибата, Шоқтас және Ойық ауылдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу