Белсенділік танытқан басқа аудандар мен қалалардың командаларына да арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді.
Түркістан облысындағы этнос жастары арасындағы "Кім білгір?" интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2025 жылғы 16 қырқүйек күні Түркістан қаласындағы "Достық үйінде" ҚХА-ның 30 жылдығына орай Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің қолдауымен ұйымдастыруымен және белгілі тележурналист Самат Сүлейдің модераторлық етуінде облыстағы этнос жастарының арасында "Кім білгір?"интеллектуалды ойыны өткізілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздеген сайыстың ашылу салтанатында сөз сойлеген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов бұл іс-шараның талантты және білімді жастарды қолдауда маңызы зор екенін атап өтіп,қатысушыларға сәттілік тіледі.
Интеллектуалды ойын ереже бойынша "Мақал-мәтелдің жалғасын табу", "Жұмбақтың жауабын табу" және "Диалект немесе көнерген сөздердің мағынасын ашып айту"сынды үш кезеңнен өтті.
Сайысқа түскен жастардың өнерлеріне лайықты баға беріп,жеңімпаздарды анықтау үшін құрамында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова және облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев бар қазылар алқасы жұмыс істеді.
Қазылар алқасының шешімі негізінде сайыста 1 орынды Сауран, 2 орынды Төлеби жане 3 орынды Түлкібас аудандарының командалары иеленіп,оларға тиісінше 1,2,3 дәрежелі естелік медальдар мен арнайы естелік кубоктер тапсырылды. Сонымен қатар осы интеллектуалды ойында белсенділік танытқан басқа аудандар мен қалалардың командаларына да арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді. Сайыстың "У́здік ойыншысы" номинациясы бойынша Келес ауданының өкілі Мухлиса Эркинжанова жеңімпаз деп танылды.