ТҮРКІСТАН: Біріңғай цифрлық платформаны енгізу мәселесі қаралды

0
43

Ашықтық пен халыққа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.


ТҮРКІСТАН: Біріңғай цифрлық платформаны енгізу мәселесі қаралды

Түркістанда біріңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының Жолдауымен біріңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен өткен жиынға салалық басқарма басшылары мен тиісті мамандар қатысты.


Облыс әкімінің орынбасары Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша өңірде атқарылған жұмыстарды тыңдап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.


Мәжіліс барысында аймақта әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, әр саладағы деректер мен қызметтерді бір жүйеге біріктіру, процестерді автоматтандыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты сараланды.


Айта кетсек, платформаны кезең-кезеңімен енгізу арқылы өңірлік басқару тиімділігі артып, ашықтық пен халыққа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Бөлісу