Бүгінгі таңда қала аумағында орталықтың 3 бөлімі тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Түркістанда белсенді ұзақ өмір орталығы 5 000 зейнеткерге қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыру, денсаулығын нығайту және қоғамдағы белсенділігін қолдау мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталығы жүйелі түрде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда қала аумағында орталықтың 3 бөлімі тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аталған бөлімдер арқылы жыл сайын 5 000 зейнеткер түрлі әлеуметтік және сауықтыру бағытындағы қызметтермен қамтылады.
Орталықта зейнеткерлер үшін дене белсенділігін арттыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл бағыттар аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын ұстануына және қоғаммен тығыз байланыста болуына ықпал етеді. Белсенді ұзақ өмір орталығы – зейнеткерлердің әлеуетін арттыруға, олардың өмірге деген құлшынысын күшейтуге және әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.


