ТҮРКІСТАН: Аз қамтамасыз етілген отбасыларға өртке қарсы дабыл құралдары тегін берілді

0
85

Бұл құрылғылар газдың таралуын дер кезінде анықтап, тұрғындарды қауіп туралы ескертуге мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Аз қамтамасыз етілген отбасыларға өртке қарсы дабыл құралдары тегін берілді

Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеушілер есебінен өртке қарсы дабыл құралдары тегін берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау және газдан уланудың алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар күшейтіле түсті. Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов тиісті сала басшыларымен бірге қала аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес рейдтік іс-шара өткізді. Рейдтің негізгі мақсаты – газдан улану, өрт шығу және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ адам шығынын болдырмау.


Тұрғын үйлердегі газ жабдықтарының жай-күйі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, газды пайдаланудағы ережелердің орындалуы жан-жақты тексерілген шарада, әсіресе, пәтерлерді заңсыз жалға беру, газ қондырғыларын талапқа сай пайдаланбау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау деректері назарға алынды.


Тексеру нәтижесінде қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған бірқатар азаматтарға заң аясында әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар тұрғындарға газды пайдалану кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, мамандар тарапынан нақты нұсқаулықтар берілді.


Рейд аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасыларға газдан уланудың алдын алуға арналған арнайы газосигнализация құралдары таратылды. Бұл құрылғылар газдың таралуын дер кезінде анықтап, тұрғындарды қауіп туралы ескертуге мүмкіндік береді.


Аудан әкімі тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтіп, мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жүйелі, қатаң түрде жалғасатындықтан жауапты мекемелерге көппәтерлі тұрғын үйлердегі қауіпсіздік деңгейін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу