ТҮРКІСТАН: «Ашық әкімдікте» тұрғындар өтініші тыңдалды

0
83

Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды. Өтініштер бақылауға алынды.


ТҮРКІСТАН: «Ашық әкімдікте» тұрғындар өтініші тыңдалды

Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл жолы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыс тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.


Қабылдауға келген азаматтар мәдениет, спорт, денсаулық, әлеуметтік және өзге де салаларға қатысты өзекті мәселелер бойынша талап-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, Сауран ауданының тұрғыны Иқан қалашығы төбесін реставрациялау мәселесін көтерсе, Сайрам ауданынан келген азамат жеке кәсіпкер есебінен спорт кешені мен аурухана салу бастамасын ұсынды. Ал Шымкент қаласының тұрғындары аудан-қалаларда концерттік шаралар ұйымдастыруға қолдау көрсетуді сұрап, сондай-ақ әлеуметтік қолдау орталығын ашу туралы ұсыныстарын жеткізді. Ашық диалог алаңында бұдан өзге де мәселелер тыңдалды.


Облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды. Өтініштер бақылауға алынды.


Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Жеке қабылдауға жазылу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазылуға болады.

Бөлісу