ТҮРКІСТАН: Арыста жарықтандырылған көше саны 100-ден асты

0
80

Бұл – ең алдымен тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.


ТҮРКІСТАН: Арыста жарықтандырылған көше саны 100-ден асты

Арыста түнгі жарықшаммен қамтылған көшелер саны 103-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бері Арыс қаласында 33 көшеге жаңа түнгі жарықтандыру жүйесі орнатылды. Нәтижесінде қала бойынша жарықтандырылған көшелердің жалпы саны рекордтық 103-ке жетті.

Бұл – ең алдымен тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Әсіресе, кешкі уақытта көшеде жүретін жаяу жүргіншілердің, балалар мен оқушылардың қауіпсіздігіне оң әсерін тигізіп, қала көшелерінің қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта да бюджет мүмкіндіктері мен тұрғындардың сұранысы ескеріле отырып, қаланы абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және халық үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

Бөлісу