Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды.
Арыс қаласында электровоз шығаратын зауыт құрылысы қарқынды жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Арыс қаласында франциялық Alstom компаниясымен бірлескен электровоз шығаратын зауыт құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Аталған жобаның іске асуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қала әкімі Қайсар Маңқараев құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты, мемлекет тарапынан жобаға қажетті қолдаулар толық көрсетілетінін айтып, жауапты мамандарға мәселелерді уақтылы шешуді міндеттеді. Бүгінде нысанның инженерлік жүйелерін тарту бойынша тиісті техникалық шарттар алынып, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын рәсімдеу толық аяқталған.
Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Мұнда 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 2,9 гектар аумақта орналасатын зауыт жылына 2 000-ға жуық электровоз құрастыруға қауқарлы. Сондай-ақ мұнда теміржол құрамдарына қажетті техникалық қызмет көрсету бағыты да дамиды.
Айта кетейік, франциялық Alstom компаниясы теміржол саласына арналған локомотивтер, жоғары жылдамдықты пойыздар мен трамвайлар шығару бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында


