ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды

0
74

Көрсеткіштер мен индикаторларды сапалы орындау – басты міндет.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде 2025 жылдың 11 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және бюджеттің игерілуі мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров экономикалық көрсеткіштер мен индикаторларды сапалы орындау – басты міндет екенін жеткізді.


– Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында статистика департаментіне тиісті ақпараттардың толық енгізілуін қамтамасыз етсін. 2025 жылға бекітілген индикаторлардың толық орындауды тапсырамын. Жыл қорытындысымен бекітілген индикаторларға қол жеткізбеген аудан әкімдерінің, және салалық басқарма басшыларының тәртіптік жауапкершілі тікелей қаралатынын ескертемін. Бағытымыз – белгілі, ол – өндіріс орындарын ашу, ішкі кірісті ұлғайту, – деді Нұралхан Көшеров.


Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысымен облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4%-ды құрап, өңір республика бойынша 3 орынды иеленді. Өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға артқан.


Мәжілісте облыс бюджетінің игерілуі барысы да сараланды. Бұл туралы Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гульфари Әжіметова баяндады.

Бөлісу