ТҮРКІСТАН: Абай облысының өкілдері «Тұран су» кәсіпорнының жұмыс тәжірибесімен танысты

0
64

Олар «Тұран су» мекемесінің жеткен жетістіктері мен жүзеге асырған ауқымды жобаларымен жіті танысып, өз аймақтарында іске асыруды көздеп отыр.


ТҮРКІСТАН: Абай облысының өкілдері «Тұран су» кәсіпорнының жұмыс тәжірибесімен танысты

Абай облысының өкілдері «Тұран су» кәсіпорнының жұмыс тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Семей су қоймасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Талғат Есімжанов мен басшының орынбасары Асхат Орумбаев арнайы келіп, «Тұран су» ШЖҚ МКК жұмысымен танысты. Олар «Тұран су» мекемесінің жеткен жетістіктері мен жүзеге асырған ауқымды жобаларымен жіті танысып, өз аймақтарында іске асыруды көздеп отыр.


Іссапар барысында «Семей су қоймасы» КММ өкілдері «Тұран су» кәсіпорнының базасында болып, техникаларымен танысты. Сонымен қатар мекеме іске қосқан су үнемдеу жабдықтарын және лотоктар шығаратын өндірістердің жұмысын аралап көрді. Мекеменің мүмкіндіктерін зерделеп, осы тәжірибені Абай облысында да жүзеге асыруға ниеттерін білдірді.


Түркістан облысындағы «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде жалпы 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды канал және 107 шаруааралық канал бар. Ауыл шаруашылығына бейім аймақта жалпы көлемі 105 мың гектар егіндікті ағын сумен қамтып келеді. Мекеме соңғы жылдары өзіндік табыс есебінен жаңа техникалар сатып алған. Арнайы техникалардың көмегімен өз теңгеріміндегі су арналарына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, егінге барар су көлемі артуда. Сондай-ақ «Тұран су» кәсіпорны өзіндік табысы есебінен мекеменің әкімшілік ғимаратын салды. Одан бөлек, су үнемдеу технологиясына қажетті жабдықтар өндіретін зауыт пен бетон латоктар шығаратын өндірісті іске қосты. Мекемеде жалпы 400-ге жуық маман қызмет атқарып келеді.

Бөлісу