ТҮРКІСТАН: 2026 жылдан бастап балалар ұйымдарына мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізіледі

0
93

Қазіргі таңда заңның толық іске асуын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде.


ТҮРКІСТАН: 2026 жылдан бастап балалар ұйымдарына мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізіледі

2026 жылдан бастап балалар ұйымдарына мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2026 жылдың 1 ақпанынан бастап балалар ұйымдарына мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізіледі. Жаңа бақылау жүйесі жазалауға емес, алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.


«Заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын балалардың тамақтануын, медициналық қызметпен қамтылуын, білім алуын, тәрбиесі мен сауықтырылуын қамтамасыз ететін ұйымдар ерекше бақылау нысандары ретінде мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жаңа тетігі аясында тексерілетін болады. Заң аясында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі енгізіледі. Өзгерістер жоспарлы тексерулер және мониторинг арқылы бақыланады. Алғашқы тексеру кезінде айыппұл салынбайды. Бірақ, нақты мерзімі көрсетілген бұзушылықты жою үшін нұсқама беріледі. Нұсқама орындалмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Қазіргі таңда заңның толық іске асуын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде» - деп баяндады спикер.

Бөлісу