Түркістан облысы әкімінің орынбасары өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, осыған дейін жинаған білімі мен тәжірибесін облысты дамытуға жұмсауға дайын екенін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, меритократия қағидатымен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырып, өңірді дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қайыпбек Қанат 1984 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің көшіру-көбейту техникалар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 2005-2009 жылдары осы департаменттің сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманының м.а., сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы,сондай-ақ аталған департаменттің жиынтық-сараптамалық бөлімінің бас маманы болған. 2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2020 жылы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған. 2021 жылдан бері Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметін атқарып келді.
Қайыпбек Қанат облыс әкімінің орынбасары ретінде Кәсіпкерлік және сауда, Мемлекеттік сатып алу, Қаржы және мемлекеттік активтер, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ететін болады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, осыған дейін жинаған білімі мен тәжірибесін облысты дамытуға жұмсауға дайын екенін жеткізді.


