Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына келді

0
129

Жиын барысында суармалы егістік алқаптарды сумен қамту, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жаңғырту жайы сараланды.


Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына келді

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар аясында ол «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының ғимаратында өңірдегі су шаруашылығына жауапты мамандармен және жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.


Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, сондай-ақ «Тұран-Су» мекемесінің өкілдері қатысты. Жиын барысында суармалы егістік алқаптарды сумен қамту, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жаңғырту жайы сараланды.


Ерболат Ибрайханов өңірдегі су тапшылығы проблемаларына арнайы тоқталып, ұсыныстарды тыңдады. Вице-министр Түркістан облысы аумағындағы ИБР бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан тік ұңғымалар құрылысы жыл соңына дейін толығымен аяқталуы тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді басқару және агроөнеркәсіп кешенін дамыту барысында өзара ынтымақтастықты нығайту маңыздылығын атап өтті.


Айта кетейік, биыл «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы шамамен 300 шақырым каналдарды механикалық әдіспен тазартты. Сондай-ақ, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен филиал балансына 38 жаңа техника берілді.


Сапар аясында вице-министр облыстағы бірқатар су нысандарын аралап, жергілікті қалыптасқан жағдаймен танысады.

Бөлісу