Қаржылық қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.
Республикалық FIN IQ диктантында Түркістан қаласы І орынға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен республикалық FIN IQ диктантында Түркістан қаласы - І орын иегері атанды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігі қаржылық қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсене атсалысқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Әкімдік қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамда экономикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында сала манандарының қатысуымен қаржылық қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.


