ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ: Эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті

0
257

Ән кеші көпшілікке қуаныш сыйлады.


ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ: Эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті

Отырар ауданының 90 жылдық меретойына орай мерекелік гала-концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы мерекелік гала-концертке ұласты. Ұлы сазгер, «Вальс королі» Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, Халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың туғанына 75 жыл, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Құт мекенім – Отырар» атты мерекелік гала-концерт ұйымдастырылып, ән кеші көпшілікке қуаныш сыйлады.


Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов тұрғындар мен қонақтарды мерейтоймен құттықтап, Отырар өңірінің дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.


Іс-шараны Жанатбек Бәйтеков пен Ақбота Нұр жүргізді. Мерекелік концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев, эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербек, Мархаба Сәби, Қуандық Рақым, Дана Кентай, Әділет Жауғашар және «Alatau voice» квартеті өнер көрсетті.


Мәдени іс-шара соңында қалың көрермен мерекелік от шашуды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Бөлісу