Нұралхан Көшеров күні бойы өңір тұрғындарын жеке қабылдады

0
46

Еркін форматта өткен кездесуде көтерілген әрбір мәселе жіті зерделеніп, заң аясында шешімін табады.


Нұралхан Көшеров күні бойы өңір тұрғындарын жеке қабылдады

Түркістан қаласында облыс әкімі Нұралхан Көшеров күні бойы азаматтардың мұң-мұқтаждары мен талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан-қала әкімдіктері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, мәселелерді шешуге атсалысты. Тұрғындар көтерген мәселелердің бір бөлігі сол жерде оң шешімін тапса, кейбір мәселені шешу уақыт талап етеді.


Жеке қабылдауға Түркістан облысына қарасты аудандар мен қалалардан 100-ге жуық тұрғын келді. Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек алу, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу және жерге қатысты және өзге де мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар инфрақұрылымға қатысты мәселелер де қозғалды.


Еркін форматта өткен кездесуде көтерілген әрбір мәселе жіті зерделеніп, заң аясында шешімін табады.


Түркістан облысында мемлекеттік органдардың халықпен байланысын нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету және жергілікті деңгейдегі түйткілдерді жедел шешу бағытындағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары 1 мыңнан аса тұрғынды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдаған. Жеке қабылдаулар ай сайын тұрақты түрде өткізілуде.


Мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындармен кері байланыс одан әрі күшейтіледі.


Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Бөлісу