«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ»: Түркістан облысында 300 орынды мектеп ашылды

0
122

«Келешек мектебі» – білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи үлгідегі мектеп.


«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ»: Түркістан облысында 300 орынды мектеп ашылды

Төлеби ауданында 300 орынды жаңа мектеп салтанатты түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданына қарасты Қосағаш елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық жаңа мектеп салтанатты түрде пайдалануға берілді.


Ашылу рәсіміне аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, жиналған қауымды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтады.


«Келешек мектебі» – білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи үлгідегі мектеп. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, пәндік және зертханалық кабинеттер, интерактивті тақталар, робототехника және IT сыныптары, компьютерлік кабинеттер, үйірме бөлмелері, жайлы кітапхана мен оқу залдары қарастырылған.


Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынып, мектеп ғимараты бейнебақылау, өртке қарсы заманауи жүйелермен толық жабдықталған. Инклюзивті білім беру талаптарына сай пандустар мен арнайы санитарлық тораптар орнатылған. Сонымен қатар спорт залы, ашық спорт алаңдары және заманауи асхана оқушылар игілігіне берілді.


Аталған нысанның құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды. Жалпы жер аумағы – 1,97 гектар.


Айта кетейік, Президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында Төлеби ауданында өзге де білім беру нысандары ел игілігіне тапсырылуда. Нақтырақ айтқанда, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Киелітас елді мекенінде 900 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді.

Бөлісу