ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ: Сауранда ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандық отырысы өтті

0
93

Этносаралық татулық - ел бірлігінің тірегі


ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ: Сауранда ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандық отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандық отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырыс барысында этносаралық қатынастарды жетілдіру, бірлік пен ынтымақты нығайту жолдары талқыланды. Шараға аудандық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оразбек Әміреев, кеңес мүшелері, Сауран аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Балтабай Жарылқасынов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрбек Басықараев және аудан аумағындағы аралас мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы шақырылып, өскелең ұрпаққа этносаралық келісім мен сыйластық құндылықтарын сіңірудің тетіктері сөз болды.


Кеңес мүшелері мен білім саласы өкілдері:

– мектептердегі тәрбиелік жұмыстың бағыттарын;

– этносаралық түсіністік пен толеранттылықты қалыптастырудың маңызын;

– жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тиімді жолдарын ортаға салды.


Мұндай кездесулер татулық пен тұрақтылықты сақтау ісіне айрықша үлес қосады.

Бөлісу